People

Grigory Spassky’s biography, net worth, fact, career, awards and life story

Intro 1783 – 1864
A.K.A. Grigory Ivanovich Spassky, Grigorij I. Spasskij
Was Scientist 
From Russia 
Type Science 
Gender male
Birth 1783, Yegoryevsk, Russia; Ryazan Governorate, Russian Empire
Death 29 April 1864, Moscow, Russia
(aged 81 years)

Спасский Григорий Иванович (1783, Ресей, Егорьев қаласы – 29.4.1864, Мәскеу қаласы) – түркітанушы ғалым, Ресей ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1810). Коломенск діни семинариясында білім алған (1799). Санкт-Петербургтегі пайдалы қазбаларды зерттеумен айналысатын Бергколлегияда қызмет атқарған. 1803 жылы тау-кен инженері ретінде Сібірге жіберілді. Ол қызмет бабымен Сібірде 12 жылдай тұрып, зерттеу жұмыстарымен айналысты. Алтайлықтардың тілі мен әдет-ғұрпы жайында мақалалар жариялады. Енисей жазба ескерткіштеріндегі ойма жазуларды қағаз бетіне түсіріп, одан арнайы альбом әзірледі. Көне түркі жазба ескерткіштері таңбаларының дыбыстық мағыналарын айқындауға талпыныс жасады. Ресейде шығыстану мәселесіне байланысты алғашқы ғылыми журнал шығару ісін жолға қойды. Оның жетекшілігімен 1818 – 24 жылы “Сибирский вестник”, 1825 – 27 жылы “Азиатский вестник” журналдары жарық көрді.
Шығармалыры: Древности Сибири // Сибирский вестник. 1818. ч. 1.
Әдеб.: Кононов А.Н. История изучения тюркских языков в России. Л., 1972.

Пайдаланған сілтеме